Размер шрифта:

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша «1 мамыр Халықтар достығы мен ынтымақтастығы күніне» сәйкес жасалған іс-шаралар жөнінде мәлімет.

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша «1 мамыр Халықтар достығы мен ынтымақтастығы күніне» сәйкес жасалған іс-шаралар жөнінде мәлімет.

  Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 1 мамыр мерекесі бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстыру мақсатында 24 сәуір күні ДТЖО-лары сап жиынын өткізді.

  25 сәуір күні «Бір ел,Бір тағдыр!» тақырыбында мектеп кітапханасына кітапханашы Тоғайбаева Ж еңіс апай кітап көрмесін ұйымдастырды. Мектептің білім алушылары өздеріне керекті мәліметтерді ала білді.

  28 сәуір күні 1-11 сыныптарда «Балқаш-достықтан құралған қала» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

  25 сәуір күні 7-8 сыныптардан «Ынтымаға жарасқан туған өлкем-Қазақстаным» тақырыбында 8 сынып білім алушылары  шығармалар жазды.Жазылған шығарма жұмыстары тексеріліп,қорытындыоанды.

  30 сәіу күні 1-4 сынып білім алушылары «сен,Сен.Ол,Барлығымыз тату отбасы» тақырыбында асфальтқа суреттер салды.Жеңімпаздар марапатталынды.

  29 сәуір күні 5-6 сыныптар арсында «Күш бірлікте» тақырыбында спорттық сайы өтті.

  30 сәуір күні 6-7 сыныптар арсында «Достық әнін шырқайық» тақырыбында сайыс өтті .Сайысты мектептің көркемдік жетекшісі Қ.А.Сатиев ұйымдастырды.Сайыс қорытындыланды,жеңімпаздар марапатталынды.

   1 мамыр күні мектебіміздің «Мерей бишілер тобы «Халықтар достығы»  атты қалалық би сайысына қатысты.

   Осы аталған іс-шарадан әр білім алушы өздерінің көпұлтты қазақ елінде өмір сүріп жатқанын түсіне біліп,өздерінің жүректеріндегі қуаныштарын білдірді.Осындай бейбіт күнде өмір сүріп жатқанымыздың өзі Елбасымыз Н.Ә.Назарбавтың зор үлесі   мен ерен еңбегінің жемісі екендігін сезінді.Ұлтымыз бөлек болса да,бірлігі жарасқан қазақ елінің азаматы екендігін сезіне білді.Әрқашан аспанымызды бұлт торламай,көңілімізді кірбің шалмай бейбіт елде өмір сүруімізге біздің әрқайсымыздың қосар үлесіміз мол екендігін  түсінді.

              

                       Мектеп директоры :                              С.Х.Сыздыкова.

Дата: 2.05.2015, 6:06 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп