Размер шрифта:

Жалпы білім беретін №25, №3 орта мектебі бойынша «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 - жыл» бірыңғай мерекелік медальдар тапсыру салтанаты. 29 сәуір 2015 жыл

Жалпы білім беретін №25, №3 орта мектебі бойынша «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 - жыл» бірыңғай мерекелік  медальдар тапсыру салтанатының ақпары. 29 сәуір 2015 жыл

  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 19 қаңтардағы №992 Жарлығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсету мақсатында «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 - жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары бекітілген болатын.

  Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы негізінде 2015 жылдың 29 сәуірінде сағат 11.00-де  Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінде Ұлы Отан Соғысының ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен салтанатты кездесу өтті. Кездесуге барлығы 30 тыл ардагерлері қатысты. Тыл ардагерлерін мерекелік медальдармен қалалық маслихат депутаты Д.А.Калыкбеков, «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі А.Б.Самиев марапаттады.

 Тыл еңбеккерлеріне арнап №25, №3 мектеп білім алушылары концерттік бағдарлама ұсынды. Концерртік бағдарламада  «Журавли» әні (орындаушы №3 ОМ музыка пәні мұғалімі Бондарь И.В., «Элегия»  би тобы), «Катюша» әні (орындаушы №25 ОМ 10 сынып оқушысы   Танирберген А., бастауыш сынып мұғалімі Тоқабаева С.С.), «От героев былых времен» әні (орындаушы №3 ОМ 11 сынып оқушысы Никулин Ю.) шырқалды.

  Салтанатты кездесу №25 орта мектебінің «Сөз мерген» үйірмесінің қатысушылары 5-8 сынып білім алушыларының «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі» атты сахналық қойлыммен аяқталды.

Мектеп директоры                С.Х.Сыздықова