Медсынып оқушыларымен "Медицинаға қадам" медициналық жобасы аясында түсіндірме жұмыстары
Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінің медсынып оқушылары «Медицинаға қадам» медициналық сынып жобасы аясында Қоңырат шағын ауданындағы емханаға саяхат жасап, дәрігер мен мейірбикелердің жұмыстарымен танысты. Балалар емдеу кабинеттерін көріп, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, науқастың тыныс жолдарын емдейтін тұзды бөлме жұмысымен таныс болды. Мейірбике Игембаева Алмагуль Умирбековна өздерінің жұмыстары туралы түсіндіріп, сауалдарға жауап берді.
Дата: 29.11.2024, 20:32 Автор: Средняя общеобразовательная школа №25