№25 ЖББ мектеп КММ-сінде Балқаш қаласы көш-қон полициясының бастығы Сериков Аслан Жанатұлы келіп Интернет алаяқтықты ауыздықтау мен алдын алудың қиындығы тақырыбында мектеп ұжымына дәріс оқыды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2024 жылдың 10 сәуірі күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектеп КММ-сінде Балқаш қаласы көш-қон полициясының бастығы Сериков Аслан Жанатұлы келіп Интернет алаяқтықты ауыздықтау мен алдын алудың қиындығы тақырыбында мектеп ұжымына дәріс оқыды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шараларды әзірлеуді тапсырған. Өйткені Қазақстанда қазір интернет алаяқтығына тыйым болмай тұр. Технологияның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, алдап-арбау әдіс-тәсілдері күн санап мың құбылуда.Интернет пен цифрлы технологиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірімізде цифрлы технологиялар маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен виртуалды қызметтер мен өнімдерге қол жеткіземіз, белгілі бір тауарларға сұраныс та артты. Бүгінде әлеуметтік желілер мен түрлі интернет платформалар тек ақпарат алмасудың емес, сауда-саттықтың негізгі алаңына айналды. Ал компьютерлендірудің салдары соңғы 10 жылдың ішінде қылмыстық құқық бұзушылық түрінде де айқын көріне бастады.Полиция мен банк қызметкері, қаржыгерлердің сан рет айтқан ескертулеріне қарамастан аңқау халық адал ақшасынан күн сайын айырылып қалып жүр.
Дата: 16.04.2024, 11:48 Автор: Средняя общеобразовательная школа №25