Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп» тақырыбында дәріс өткізді.

Ақпан айының 14-сі күні 10-11 сынып оқушыларына «Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы » КММ теологы Тұрлыбек Қыдыр Сәкенұлы келіп «Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп» тақырыбында дәріс өткізді.
Мақсаты: а) Оқушыларға экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
ә) Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Бүгінгі дәрісімізден дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамыз. Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.
Оян, қазақ!
Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа.

 

Дата: 19.02.2024, 13:57 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп