"Логика қайда?" сайысы
"Цифрлық әлем" ақпараттық және компьютерлік сауаттылық апталығы аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде ақпанның 6-сы күні 3А,3Б сынып оқушылары арасында "Логика қайда?" сайысы өтті. Сайыстың басты мақсаты оқушылардың жартыжылдықта алған білімдерін жүйелеу және логикалық тапсырмаларда есте сақтау қабілеттерін, ойлау жүйесін арттыру. Сайыста оқушылар Word мәтіндік редакторында тапсырма орындады.
Сайыстың қорытындысы:
I-орын 3"А" сыныбы
II-орын 3"Б" сыныбы марапатталды.
Дата: 19.02.2024, 13:23 Автор: Средняя общеобразовательная школа №25