Размер шрифта:

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде 4 қаңтар күні жоспарға сәйкес №3 педагогикалық кеңес өтті.

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде 4 қаңтар күні жоспарға сәйкес №3 педагогикалық кеңес өтті.
1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын » Ұлттық құндылықтар: Ұлттық мүдде, Ар-ұят, Талап құндылықтарына байланысты өткізілетін іс-шаралардың жоспарға сәйкес іске асыру бойынша директордың тәрбие ісі бойынша М.М.Жолдасбекова мен Д.Ж.Мусаханова осы бағыттар бойынша мектебімізде І жарты жылдықта атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті және атқарылған жұмыстарға сараптама жасады. Сынып жетекшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Даналық мектебі» жобасы бойынша ІІ жарты жылдықта жоспар бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталып, өз ұсыныстарын айтты. «Ата-аналарды қолдау орталығы» бойынша өткізілетін жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табуы керектігіне тоқталды.
2. Рухани-адамгершілік тәрбие негізі кітапта. «Оқуға құштар мектеп » республикалық акциясы бойынша мектебіміздің кітапханашысы Б.К.Казбекова І жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша өз есебін берді.
3. Сапаға бағытталған білім мен тәрбие: Мұғалімнің балалармен, басқа мұғалімдермен, оқушылардың ата-аналармен байланыс орнату және қолдау, олармен дұрыс қарым-қатынас орнату, қажетті уақытта тиісті ықпал ету шараларын таңдау мүмкіндіктерін бағалау бойынша 2А,2Ә,2Б,7А,7Б,9А сыныбының сынып жетекшілері тәрбие бағыттары бойынша атқарып жатқан жұмыстарына сараптама жасап , көптеген қызықты тапсырмалар орындату арқылы , өз жұмыстарын қортындылады. Мұғалімдер үлкен қызығушылықпен берілген тапсырмаларды орындап, өз ойларымен бөлісті.
4. Мектеп директоры Г. Мейрбекова ұжымды мемлекеттік аттестаттаудан өтетіні туралы, өзін-өзі бағалаудың өлшемшарттарымен хабардар етті. Сонымен бірге, мемлекеттік аттестаттау шеңберінде өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру комиссиясының құрамымен таныстырды. Педкеңес шешімімен комиссия құрамы бекітілді.
#Карагандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тарбие
#педогогикалықкеңес2023
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_abb

Дата: 15.01.2024, 9:43 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп