Размер шрифта:

Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу

Отбасы бала тәрбиесінің басты факторы ретінде өскелең ұрпаққа толыққанды өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге арналған. Әр бала бақыт, махаббат пен түсіністік атмосферасында өсуі керек. Күрделі заманауи әлемде адамның өміршеңдігі әл-ауқаттың субъективті қабылдауына байланысты. Егер бала отбасында сүйіспеншілік пен қолдау көрмесе, онда ол эмоционалды күйзеліске ұшырайды, бұл агрессия, тежелу, қорқыныш, оқшаулану түрінде көрінеді.
Зерттеушілердің пікірінше, бұл адам есейгенге дейін бірге жүреді. Егер, керісінше, ата-аналар баласына сүйіспеншілік пен қолдау көрсетсе, онда ол эмоционалды жайлылық күйіне ие болып: сенімділік пен белсенділік; өзін-өзі бағалау мен бақылау; жетістікке ұмтылу сияқты құзіреттіліктерді меңгереді. Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының мамандары жоғарыда аталған жағымсыз тенденцияларды еңсеруге қазақстандық қоғамда позитивті ата-ана әдістерін дамыту көмектеседі деген қорытындыға келді. Осы мақсатта мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына педагогикалық қолдау көрсету үшін ІІ сабағы өтті. Тақырыбы:Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу. Сабақта ата аналарға баланың жеке басын дамыту үшін мектепке бейімделуінің маңыздылығы, бейімделу түрлері, баланың когнитивтік дағдыларын дамытудағы ата-ананың рөлі туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар ата-аналардың когнитивтік (танымдық) қабілеттерінің даму деңгейін диагностикалау, бастауыш сынып оқушыларындағы когнитивтік дағдылардың ерекшеліктері, баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасауын дамытуға арналған тренингтер бойынша ұсыныстар берілді.


#Карагандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тарбие
#ұлттыққұндылық
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_abb