Хабарландыру
Конкурстық негізде педагогтерді қабылдау
"Балқаш қаласы білім бөлімі Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ (Мекен жайы: Русакова 1А, тел: 64-4-20, эл.почта: koniratschool25@mail.ru)келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
-Математика пәні мұғалімі-2 бірлік
-Орыс тілі пәні мұғалімі-2 бірлік
-География пәні мұғалімі-1 бірлік
-Бастауыш сынып мұғалімі-1 бірлік (декреттік демалыстағы қызметкер орнына)
-Аға тәлімгер-1 бірлік
-Физика пәні мұғалімі-1 бірлік (декреттік демалыстағы қызметкер орнына)
-Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1 бірлік
-Дене шынықтыру пәні мұғалімі-0,5 бірлік
2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 21 тамызынан басталады.
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 бұйрығындағы) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" жәнемектеп-лицейдің ресми сайтына жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,
кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/
академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
2023 жылғы 21 тамыздан бастап «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізіледі.