Размер шрифта:

Қарағанды ​​облысының білім беру мекемелерінде қолайсыз ауа райы жағдайында сабақтарды тоқтату туралы

Қарағанды ​​облысының білім беру мекемелерінде қолайсыз ауа райы жағдайында сабақтарды тоқтату туралы Ұсыныстар (28.10.2022 ж.)

1.Сабақты тоқтату күндері жалпы білім беру ұйымында  сабақтарды тоқтату және оқу процессін ұйымдастыру тәртібі

            1.1.Білім беру ұйымындағы сабақтар келесі ауа-райының бірі болған жағдайда тоқтатылуы мүмкін:

 

0-4 сыныптарда:

ауа температурасы минус 250С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;

желдің күші 17 м/с дейін және бұрқасынмен болса;

егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;

5-9 сыныптарда:

ауа температурасы минус​300С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;

желдің күші 20 м/с дейін және бұрқасынмен болса;

егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;

10-11​сыныптарда,​кәсіптік​лицейларда,​колледждарда​(1-2​курс студенттері үшін):

ауа температурасы минус 350С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;

желдің күші 25 м/с дейін және бұрқасынмен болса;

егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе.

          1.2.Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақтың тоқтатылатындығы туралы ақпаратты білім беруді басқару органдары халыққа:

1) қалаларда телевидениедегі жүгірпе жол түрінде;

2) қалаларда және аудандарда радиодан тарату;

3) әкімдіктің, білім басқармалары мен бөлімдерінің сайттары арқылы;

4) 169 телефоны (ақылы анықтама) арқылы;

5) әкімдіктердің диспетчерлік қызметі;

6) әлеуметтік желілер;

7) білім беру ұйымының, сынып жетекшілерінің немесе білім беру ұйымы әкімшілігінің кезекшілері арқылы хабарлайды.

Сабақтың тоқтатылатыны туралы хабарлау:

Сағат 6.45–8.00-ге дейін – бірінші ауысым үшін,

сағат 11.15–13.00-ге дейін – екінші және үшінші ауысым үшін.