Размер шрифта:

Бүгін 1 қыркүйек - білім күні.

"Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" бойынша 2022-2023 оқу жылындағы  «1 қыркүйек-Білім күні» мерекесі өтті

 

Бүгін 1 қыркүйек - білім күні. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені, білім күні - өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.

1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сыныптың 57 оқушысы  үшін қуанышты күн. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алатын күн болады.

Бұл күн - бүлдіршіннің балалықтың бал-шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.

Алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Г.С.Мейрбекова алды, сонымен бірге биылғы жылы мектеп табалдырығын аттаған бірінші сыныптың ата-анасы жүрекжарды тілектерін алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушыларымыз мен ұстаздарымызға арнады.

Ендеше, болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз.

 1 сынып оқушыларын олардың сынып жетекшілері:

1 «А» сыныбы - сынып жетекшісі Токабаева Саида Саметовна.

1 «Ә» сыныбы – сынып жетекшісі Бакирова Гүлнар Мейрхановна

1 «Б» сыныбы - сынып жетекшісі  Разахберлі Арайлым Қанағатқызы  қабылдады.

2022-2023 оқу жылының 1-11 сыныптарға арналған 1қыркүйек – Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.