Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар!
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар!
Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын!
Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда.
Бүгінгі оқушы-білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген тұлға болуы керек.
Құрметті ата-аналар!
Білім саласында болып жатқан жахандандыру үрдісіне Сіздердің қатысуларыңыз ерекше маңыздылыққа ие болып тұр. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде Сіздердің қолдауларыңыз, әрдайым назарларыңыз, оқу –тәрбие үрдісіне қатысуларыңыз маңызды шарт.
Биыл жаңа оқу жылын 402 оқушымен, 21 класс компонентімен бастағалы отырмыз.
Мектептің басты құндылығы мен мақсаты оқушыға сапалы білім беру болып табылса, сапалы біліммен қамтамасыз ету мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамымен өлшенері анық. Ұжымдағы 39 мұғалімнің педагог-зерттеуші – 2, педагог-сарапшы – 7, педагог-модератор – 12 мұғалім.
Құрметті ұстаздар!
Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңізді одан әрі шыңдап, білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа сертін, шығармашылық табыс тілеймін! Еліміз болашағы, Сіздерден білім нәрімен сусындаған шәкірттердің қиялы ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!
Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Дата: 1.09.2022, 10:23 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп