"Халық бірлігі және жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі"
13.09.2021 күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі ұжымында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауы талқыланды. Тарих пәнінің мұғалімдері С.К.Сыздыкова мен А.Хавдал және мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы К.К.Ныгыметжанова жолдауды талдай отырып, ондағы маңызды мәселелерге тоқталды. "Халық бірлігі және жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі"деп аталған бұл Жолдау 7 бөлімнен тұратындығы айтылды.
1. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму.
2. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.
3. Сапалы білім беру.
4. Өңірлік саясатты жетілдіру.
5. Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру.
6. Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау.
7. Ұлттың ұйысуы одан әрі дамудың басты факторы деп аталды.
Биылғы жыл біздің егемен еліміз үшін айтулы жыл, Тәуелсіздігімізге 30 жыл толғалы отыр.
Президентіміз өз Жолдауында маңызды деген мәселелерге тоқталып өтті. Әсіресе, жолдаудың үшінші бөліміндегі білім саласына арналған мәселелерге ерекше тоқталды.
Дата: 16.09.2021, 16:53 Автор: Средняя общеобразовательная школа №25