«Спорт балалар көзімен» атты суреттер байқауы ұйымдастырылды.

 Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 15-19 ақпан аралығында «Қарағанды облысы әкімдігінің Балқаш қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-нің мектепалды даярлық сыныбы мен «Мерей» шағын орталығының тәрбиеленушілері арасында «Балалар спорт әлемінде» дене шынықтыру - сауықтыру сауаттылығы апталығы жалғасуда.

Аптаның 3-ші күнгі жоспарына сай күнімізді «Қозғалыссыз денсаулық жоқ, оны сізге бәрі айтады! Көңілді күймен айналысыңыз. Спортпен, бимен, серуенмен!» ұранымен таңғы жаттығуларды жасаумен басталды.

«Спорт балалар көзімен» атты суреттер байқауы ұйымдастырылды.