«Денің сау болса, бәрін аласың» дене шынықтыру сауаттылық апталығы басталды.

  "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Денің сау болса, бәрін аласың» дене шынықтыру сауаттылық апталығы басталды.

2021 жылдың 15-20 ақпан аралығы.

Мақсаты:

Дене шынықтыруға мотивациялық-құндылық қатынасты қалыптастыру, физикалық тұрғыда өзін-өзі жетілдіру және жүйелі жаттығулар мен спортпен айналысу қажеттілігіне өзін-өзі тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

- оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығы артады;

- ата-аналар бұқаралық спортқа деген қызығушылықтары артады;

- өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне деген құрметті қалыптастырады.