Ы.Алтынсарнин атындағы ЖББ №25 орта мектебінің 1 қыркүйек күні өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақсатан халқына жолдауына ПІКІР
Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын 2020 жылдың 1 қыркүйегінде парламенттің алтыншы сессиясында жариялады. "Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеп, пандемия мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы оқу жылының басталуына кері әсерін тигізгендігін атап өтті. Бірақ бұл - уақытша құбылыс деді мемлекет басшысы. «Қолжетімді әрі сапалы білім коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Үкіметке балалар мен жастардың арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін, шұғыл түрде қазақстандық бірыңғай білім беруде сандық ресурстар платформасын әзірлеуді тапсырды. Дана халқымызда «Игілік басы – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Ендеше, тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын, ағайын!
Осы мерейлі белесте баршаңызға мол табыс тілеймін!
«Ы. Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ педагогикалық ұжымы
Дата: 3.09.2020, 11:57 Автор: Средняя общеобразовательная школа №25