Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналар
ЖББ №25 орта мектебінде 20 тамыз 2020 жылы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналар (балалардың заңды өкілдері) жиналысы өтті. Жиналыс мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларының сынып жетекшілерінің жүргізуімен ұйымдастырылды.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде мынандай сұрақтар қарастырылды:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары
2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
3) Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
4) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
5) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
6) Баланың оқу режимі және демалысы.
7) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
8) Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.
9) Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру.
10) Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.