Размер шрифта:

ЖББ №25 орта мектебінің педагогикалық ұжымымен ZOOM платформасы арқылы өткен «Басшы сағаты»

     Тамыз айының 13-і күні ЖББ №25 орта мектебінің директоры С.К.Сыздыкова педагогикалық ұжымымен ZOOM платформасы арқылы «Басшы сағатын» өткізді. Жиналыс барысында 2020-2021 оқу жылына мектептің дайындығы, жаңа оқу жылындағы қашықтықтықтан оқыту барысындағы оқу процесінің ерекшеліктері және 1-4 сынып аралығындағы кезекші сыныптарға оқушыларды қабылдау тәртібі қарастырылды. Жиналысқа мектебіміздің барлық педагогикалық ұжымы қатысып, жаңа оқу жылына дайындық бойынша нұсқаулықтар берілді.