ЖББ № 25 орта мектебінің ата-анасы Қажкерова Салтанат
Жыл сайын өтетін педагогтардың тамыз конференциясында елдегі білім, ғылым саласының түйіткілді мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысының қатысуымен IT технологияны меңгеру, білім беру ісінде нәтижелі жұмыс жасау, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, үштілді білім беру жүйесін енгізужайы қаралды. Сондай-ақ, жекеменшік білім беру секторын қалыптастырып, ашық бәсеке алаңын құрудың маңыздылығы да айтылды.
Бүгінгі балалар смартфон мен планшеттерді, компьютерді іштен біліп туғандай жетік меңгерген. Оған таңғалудың, таңданудың қажеттілігі жоқ. Осындай қабілетті одан ары шыңдап, жас ұрпаққа заманауи, сапалы білім берсе ұтатынымыз көп. Мәселен, IT технологияның қыр-сырын жастайынан үйреткен абзал деді. Президент білім саласын ерекше назарда ұстап, өзінің тікелей қамқорлығына алуы, оны - мемлекеттік даму саясатының өзегі деп қарайды. Оған дәлел Қасым - Жомарт Кемелұлы соңғы тамыз конференциясында білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтарында нақты тапсырмалар берілгені болып табылады.
Дата: 22.08.2019, 12:15 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп