Қарағанды облысында қиын жағдайларға тап болған балалар мен жасөспірімдерге арналған тәуліктік Сенім телефоны іске қосылды.

 

 Қарағанды облысында қиын жағдайларға тап болған балалар мен жасөспірімдерге арналған тәуліктік Сенім телефоны іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz Қарағанды облысының Білім басқармасына сілтеме жасап. Шұғыл желіні мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қарағанды облыстық Білім басқармасы мен "Мир добра" қоғамдық бірлестігі құрды. Ол 2018 жылдың шілдесінен жұмысын бастады. Сенім телефонының басты міндеті - қиын жағдайларға тап болған балаларға, олардың заңды өкілдеріне психологиялық, әлеуметтік, құқықтық жағынан көмек көрсету және кеңес беру. Сенім телефоны тәулік бойы, тегін жұмыс істейді. Сондай-ақ жүгінушінің аты-жөнін жарияламауға кепілдік беріледі. Қажетті ақпараттар мен кеңес алу үшін 8 800 070 02 17 сенім телефонына хабарласуға болады. Сонымен қатар заңгер және психологпен жүзбе-жүз кездесуге болады.

Дата: 1.08.2018, 15:54 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп