ЖББ №25 орта мектебі бойынша «Өмірге Ия деп айт!» атты Республикалық науқанында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

«Сарыарқа  дарыны» аймақтық  ғылыми практикалық орталығы  Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым  министрлігі  2018 жылдың   12 ақпан -12наурыз аралығында республика көлемінде 

«Өмірге ИЯ деп айт!»  республикалық науқаны жарияланды.

Науқанның ұраны: «Өмір тамаша ! Босқа қауіпке жол берме!»

Ақпараттық науқанның мақсаты: баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың ,насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару.

«Өмірге Ия  деп айт !»  республикалық ақпараттық  науқанын өткізу жөнінде  жоспар жасалып,стенд безендірілді.Сап жиыны өткізілді.

     «Біз- Өмірді таңдаймыз!», «Ата- аналар үшін жадынама» тақырыбында ата-аналарға жадынамалар таратылды. « Біз бақытты –Балдырған!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жауапты Казбекова Б. «Өмір тамаша!», «Босқа  қауіпке жол берме!» тақырыбында мектебіміздің мұғалімі А.Маратұлы  дебат турнирін өткізді. «Мен әлемді сүйемін!» атты суреттер сайысы өткізілді. Ақпараттық науқан бойынша радио торабынан  мәліметтер берілді. Жауапты кезекші сынып.

Информатика пәнінің мұғалімі М.Б.Имашова «Интернеттегі тәртіп модельдері» туралы бейнеролик көрсетуді, «Интернетте балалардың қауіпсіздігін  қалай қамтамасыз етеміз?» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

  «Өмірді бағалай біл!» атты тренингті мектеп психологы Тлеубаева Г.Ж. өткізді. «Біздің өміріміз ең басты құндылығымыз! »атты  сынып сағаттары 1-11 сыныптар арасында өткізілді. Сынып  сағаттарында өмірдің басты құндылықтары туралы бейнебаяндар, бейнероликтер көрсетілді. «Өмір қымбатсың маған!» атты ақын- жазушылардың өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысы болды. «Өмірге ИЯ деп айт!» атты  үгіт бригада өткізілді.

     Әлеуметтік желілердегі іс- әрекетіне ата-аналардың бақылауын күшейту мәселелері бойынша  ата-аналар жиналысы өткізілді. Онда әлеуметтік желілерге ата-аналардың назарын неге  аудару  керектігі,ғаламтордағы қауіпсіздік туралы  Имашова М.Б. өтті.  «Біз өмірді  таңдаймыз!» атты флешмоб 5-8 сыныптар арасында  ұйымдастырылды.  Өткізілген іс-шара  мектеп сайтына орналастырылды.