«Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық аптаны өткізу туралы анықтама мен фотоесеп
ЖББ №25 орта мектебінде 2017 жылдың 04.09-11.09.2017 жыл аралығында «Отбасы-бақыт мекені » атты іс-шаралар ұйымдастырды.Іс-шараның мақсаты оқушыларға отбасы құндылықтары туралы мәліметтер беру.
04.09.2017 жылы 1-11 сынып оқушыларына «Отбасы-бақыт мекені» атты іс-шаралар жоспары жасалынып 1-11 сыныптың оқушылары мен сынып жетекшілеріне сап жиынында таныстырылды.
05-11.09.2017ж аралығында «Үлкенге- құрмет, кішіге- ізет» отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған 5-сынып білім алушыларының арасындаакция ұйымдастырылды. Акцияға барлық бала қатысты.
06.09.2017жылы «Отбасындағы ата-ананың міндеті» тақырыбында құқықтық білім беру ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналарға мектеп, оқушы ережелері, ата-ананың міндеті және «Қамқоршылық кеңесі мүшелері» сайланып, таныстырылды.
07.09.2017ж 1-11 сынып білім алушыларының арасында «Бар жақсылық- балаларға» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға балалардың барлығы қатысты.
08.09.2017ж ата-аналар мен білім алушылар біріккен «Ата-анам және мен» атты флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа «Өзін-өзі басқару ұйымы» және 11-сынып білім алушыларының ұйымдастырылуымен 7-9 сынып білім алушылары және ата-аналар қатысты.
09.09.2017ж бастауыш сыныптар арасында «Мен отбасымды мақтан тұтамын» суреттер сайысы және 5-9 сынып білім алушыларының арасында «Ата-анам және мен» спорттық отбасылық эстафета өткізілді. Сонымен қатар бұл күні «Отбасым- менің қуатым» есепте тұрған қолайсыз отбасылар мен балалар үшін кездесу ұйымдастырылды.
Осы жұмыстардың қорытындысы 11-қыркүйек күні мектеп веб-сайтына, жергілікті БАҚ беттеріне жарияланды.
Дата: 6.10.2017, 6:24 Автор: Средняя общеобразовательная школа №25