ЖББ №25 орта мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы «Мен –өз елімнің патриотымын» атты салтанатты сап жиынының өткізілуі туралы анықтама.

   ЖББ №25 орта мектебінде 2017 жылдың 1 қыркүйегі күні сағат 10.00-де 1-11 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі  «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы салтанатты сап жиыны өтті. . Сап жиынын мектебіміздің директоры С.Х.Сыздыкова өзінің құттықтау сөзімен ашып берді.Бұл күн–Білім күні. Білім күні-гүлденген, тәуелсіз еліміз Қазақстан болашағының мерекесі екендігін шәкірттерімізге арман –мақсаттарының орындалып, олардың жарқын болашағын көруге үміттенген ата-аналардың да мейрамы. Биылғы жыл барша қазақстандықтар үшін ерекше жыл екендігін 1-11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаттарында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына 25 жыл, ҚР қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл, Мемлекеттік Рәміздеріміздің қабылданғаныныа 25 жыл ,туған қаламыз Балқаш қаласына 80 жыл,осы 25 жылда еліміздің жеткен жетістіктерінің орасан зор екендігін және сондай жетістіктердің бірі-елордамыз Астана қаласында халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің еліміз үшін маңызы зор болғандығына тоқталды. «ЭКСПО-2017» көрмесіне барып келген оқушыларымыз өз ойларымен бөлісті. Мерекенің сәнін мектебіміздің  биші қыздары «Қазақ биін» билесе, әнші қызымыз Кәрімхан Айым «Қазақстаным алға» әнін тамылжыта орындады.1 сыныпқа келген бүлдіршіндер өздерінің өлең шумақтарын айта отырып, мерекенің сәнін кіргізсе, 11 сынып оқушылары биылғы жылы мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге өздерінің құттықтауларын арнап,алғашқы оқулықтары «Сауат ашу» оқулығын  таратып берді. 11 сынып оқушысы Нұрмағанбет Сырымжан мен 1 сынып оқушысы Жапархан Інжу «Алғашқы қоңырау соғу» рәсімін орындады. Сап жиынына келген ата-аналарымыз көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарасты. Сап жиынынан соң 1-11 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірлесе «Мен патриотпын» тақырыбындағы сынып сағаттарын өткізді.

 

 

 

Дата: 2.09.2017, 9:08 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп