4 сыныптар арасында «Гайдар» кітапханасында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында кітап апталығының ашылуы болып өтті.
Көктемгі каникул кезінде кітапхана меңгерушісі 4 сынып оқушыларын қалалық балалар кітапханасына «Ертегілер еліне саяхат» атты кітап апталығына саяхатқа апарды.
Мақсаты:
Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқыған кітаптарынан сұрақтар қоя отырып, кітап оқуды жандандыра отырып , баланың бос уақытында кітап оқуға ынталандыру.
Дата: 28.03.2017, 4:56 Автор: №5 ОМ