10 «А» сынып оқушылары арасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында тренинг өткізілді.
Наурыздың 27 жұлдызында 10 «А» сынып оқушылары арасында «Мен таңдаған мамандық»тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты:1. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығн анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Тренинг ережесі
— бір-бірін тыңдау
— уақыт үнемдеу
— белсенділік таныту
— достық қарым-қатынас
— жағымды эмоция тудыру
Тренинг барысында мынадай мәселелер алға қойылды:
1. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
2. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
3. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
4. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
5. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
6. Қай уақытта адам өз жемісін көре алады.?
Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі)
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді»
Л.Н. Толстой