Размер шрифта:

Қала әкімі Аглиулин Александр Минвалиевич жалпы білім беретін №5 орта мектептің мәжіліс залында ата – аналарымен кездесу өткізді.

Қала әкімі Аглиулин Александр Минвалиевич жалпы білім беретін №5 орта мектептің мәжіліс залында ата – аналарымен кездесу өткізді.

Қазан айының 24 жұлдызында қала әкімі Аглиулин Александр Минвалиевич жалпы білім беретін №5 орта мектептің мәжіліс залында ата – аналарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қала әкімі Александр Мивалиевич ата – аналардан мектептің ішкі және сыртқы мәселелерін анықтап, балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында кездесетін түрлі қиындықтарды  сұрап өтті. Жиналыс ата – аналардың қала басшылығына сұрақ қоюымен жалғасын тапты.

Ата – аналардың көпшілігін мынадай мәселелер мазалайды екен.

«1. Мекетеп тау дөңесінде орналасқандықтан балаларға таудан мініп - түсуге қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған, қыста қол – аяғын сындырып алатын оқушылар кездесіп жатады, осыған орай таудан мініп - түсуге саты орналастырса; 2. Мектеп алдында автокөліктер тоқтайтын тұрақ жоқ, соның себебінен ретсіз тоқтаған көліктерден балалар мектепке кіре алмай қалады, мектеп алдына автотұрақ салынса; 3. Түскі ауысымда оқитын оқушылардың кеш қайту кезінде ауланың және көше бойының қараңғылығы бізді уайымдатады осы себепті мектептің ауласына және мектеп орналасқан көшеде электр шамымен жарықтарндыру қолға алынса,» - деп ата  - аналар өтініш білдірді.

Сонымен қоса, жиналыс соңында ата – аналар қала әкіміне жиналыс өткізіп, мектеп оқушыларының болашағына алаңдаушылық танытқаны үшін алғыс білдірді. Жиналыс соңында қала әкімі мектеп ғимаратын аралап, шықты.

Дата: 26.10.2016, 9:12 Автор: №5 ОМ