«Дарындылықты даралаймыз» атты дарындылар онкүндігі аясында, 9-11 сыныптар арасында «Тәуелсіздікке -25 жыл» атты эсселер байқауы өтті
9-11 сыныптар арасында «Тәуелсіздікке -25 жыл» атты эсселер байқауы өтті. Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Имангалиева Ж.М.
Байқаудың мақсаты: Дарынды оқушыларды анықтау, автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру, көркем әдебиетке баулу, «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шәкірттер бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру
Байқаудың негізгі міндеттері:
– Қатысушы бір ғана эссе жазуға құқылы;
– Мәтінді құру тәртібі (стилдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы және т.б.)
– Эссенің тіл байлығы мен мәнерлігі және синтактистік құрылымына, мәтіннің көркемдік ( ой-сезіммен астасуы т.б.) құрылымға негізделуіне мән беріледі;
Ұсынылған тақырыптар:
«Қазақстан- Ұлы Дала елі»
Менің елім-Қазақстан
Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік
Байқаудың қорытындысы:
1- орын Сүлейменова Әсел 10 А сынып оқушысы
2-орын Амантай Гаухар, Қартабаева Назерке 9 А сынып оқушылары
3-орын Мақажан Ерсана, Тлеутай Айжүрек 9 А сынып оқушылары
Қатысқан барлық оқушылардың жұмыстары жинақталып, мануал жасалынды.