18 қазан күні мектебімізде 4-6 сыныпоқушылары арасында «CLEVER» марафонының қалалық кезеңі болып өтті.
18 қазан күні мектебімізде 4-6 сыныпоқушылары арасында «CLEVER» марафонының қалалық кезеңі болып өтті.
«CLEVER»– ақылды, епті, шебер, қабілетті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері: дарынды балаларды анықтау, шығармашылық қызығушылықтарын арттыру және оларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау; жалпы білім беретін пәндерден республикалық жарыстарға қатысу үшін дарынды, интеллектуалды оқушылардан команда жасақтау.
Қатысушылар 1 пәннің тапсырмаларын орындайды: математика, қазақ тілі, орыс тілі, қазақ тілі орыс мектебінде, орыс тілі қазақ мектебінде. 4 сынып оқушыларына 30 сұраққа 60 минут беріледі, 5 сынып оқушыларына 30 сұраққа 60 минут беріледі, 6 сынып оқушыларына 40 сұраққа 80 минут берілді. Қала бойынша 405 оқушы қатысты.