Жалпы білім беретін №5 орта мектебі ұжымы мен мектеп оқушылары 08.10.2016ж күнгі қалалық сенбілікке бір кісідей ат салысты
Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 07.10.16ж күні 1-11 сынып оқушыларына жұмыс лездемесі өткізіліп, 08.10.2016ж күнгі қалалық сенбілікке шығатынын және оқушылар арқылы ата-аналарға қалалық сенбілікке шақыру қағазы таратылды. 7-10 сынып оқушылары мектеп маңында орналасқан көп қабатты үйлердің есіктеріне ата-аналарға арналған шақыру қағаздарын жапсырып қайтты. 08.10.16ж күні сағат 10.00-де
7-10 сынып оқушылары , мектептің шаруашылық қызметкерлері және мұғалімдер Русаков ескерткіші маңында және желтоқсан-мира көшелері қиылысында бөлініп берілген жерлерде тазалық жұмыстарын жасап, қураған шөптерді жұлып,қоқыстардан тазартып қайтты. Сенбілікке 7-10 сыныптардан 60оқушы, 15 мұғалім, 10 кіші шаруашылық қызметкерлері қатысты.