«Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде» жаңартылған білім мазмұны аясында қалалық деңгейде семинар өткізілді
2016 жылдың 6 қараша айында «Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде» жаңартылған білім мазмұны аясында қалалық деңгейде мектеп үйлестірушісі Мұхаметжанова Ж.С және бастауыш сынып мұғалімдері Тулеуова Л.Н., Нуржанова К.С, Аханова А.К. ұйымдастыруымен «Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында семинар өтті. Семинарда бірінші қалыптастырушы бағалаудың теориялық негіздеріне тоқталып, оны іс- тәжірибемен ұштастырды. Қаламыздың 1- сынып мұғалімдері топ болып бөлініп бірлесе жұмыс жүргізді. Семинар барысында мұғалімдер өз пікірлерімен, іс- тәжірибемен бөлісе отырып, білгендерін ортаға салып талқылады. Семинар соңында қорытындысы жасалып, қатысушылар ризашылықтарымен бөлісті.
Дата: 10.10.2016, 3:10 Автор: №5 ОМ