Размер шрифта:

"Тіл - татулықтың тірегі" атты тіл апталығы өтті

ЖББ №5 орта мектебінде  тілдер күніне байланысты "Тіл - татулықтың тірегі" атты тіл апталығы  өтті. Мерекеге орай тіл тақырыбында түрлі формада әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.Мерекелік апталық аясында «Тіл-халық қазынасы, ұлт шежіресі» шығарма жазу байқауы, тақырыптық ашық сабақтар,  «Қазақстан –достықтың киелі мекені»атты презентациялар сайысы, «Тіл мен өнер егіз» ашық тәрбие сағаттары өтілсе, кітапханада«Тілім-ажарым,асыл мұрам»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

     «Тіл-халық қазынасы, ұлт шежіресі»атты шығармалар сайысында  10- сынып оқушысы Көбентай Нұрасыл«Үздік шығарма» жазғаны үшін, 5ә сыныбы  және 10-сынып  «Үздік презентация», 6а сыныбы  сахналық қойылым көрсеткендері үшін, 5ә сыныбы «Маржан сөз» сайысында сөзге шеберліктерін көрсеткендері үшін, 10-сынып оқушылары «Путешествие в страну русского языка и литературы» сайысына өте жақсы дайындықпен белсене қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Дата: 26.09.2016, 8:24 Автор: №5 ОМ