Размер шрифта:

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 2016-2017 оқу жылының «Мектепке жол»

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 2016-2017 оқу жылының «Мектепке жол»

 Республика көлемінде өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы біздің №5 орта мектепте өз жалғасын тапты. Қазақ халқы жетімін жылатпаған данагөй, жомарт, ақкөңіл халық. Қайрымдылық түбі береке. Мемлекетіміздің «Мектепке жол» акциясын қолдау ретінде №5 орта мектебінде «Балаға мейірім сыйлайық» тақырыбында іс-шара болып өтті. Аталмыш шара мектебімізде дәстүрлі түрде сегіз жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Мектебімізде  6 оқушыға акция аясында мектеп атынан 6 сумка және керекті оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.Ата-аналар көмек көрсеткен жандарға рахметтерін айтып,балаларының қуанышына риза болды.                                                                                 

 Міндеттің орындалуына себепкер болған жүрегі кең, жомарт азаматшалар акция аясында киім және аяқ киімдермен көмек көрсеткен демеушілеріміз «Dossi-Dossi»  сауда үйінің төрайымы Исина Қалдан Төлеуханқызына  және «Айя» сауда үйінің төрайымы Ақтаева Нұрым ханымға алғысымыз шексіз. Мектебімізде  6 оқушыға акция аясында мектеп бюджетінен 6 сөмке және керекті оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Ата-аналар көмек көрсеткен жандарға рахметтерін айтып, балаларының қуанышына риза болды. Бала болашағымыз, тірегіміз!  Олай болса, қамқорлық танытуға ауызбіршілікпен ат салысайық! Бүлдіршіндердің алаңсыз өмір сүруіне қол ұшын созайық!

Дата: 27.08.2016, 3:31 Автор: №5 ОМ