«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы білімді қамтамасыз ету»

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы білімді қамтамасыз ету»

25.08.2016 жылы «Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 5 орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы білімді қамтамасыз ету» тақырыбында Тамыз  кеңесі өткізілді. Баршамыз білетіндей тамыз айы ұстаздар қауымы үшін  білім беру жүйесіндегі жаңа бастамалар мен өзгерістерді ортаға салып, талқылау мезгілі болып табылады. Өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылын бастау барысында болатын өзгерістер мен толықтыруларды енгізу мақсатында Тамыз кеңесіне қала мектептерінің информатика пән мұғалімдері мен директордың АКТ ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.   

Балқаш қаласының Білім бөлімінің әдіскері Орынбаева Арай Камзадаевна өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылында күтілетін жаңалықтар туралы айтып өтті.

2016 – 2017 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсхау хатпен информатика пәні мұғалімдерінің жетекшісі Бекмаганбетова Нургуль Саркытовна  таныстырып өтті.

Сонымен қатар, Үш тілділік бойынша курстан өтіп келген «Балқаш қаласы М. П. Русаков атындағы  жалпы білім беретін  № 2 санаторлық  мектеп-интернаты» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі және №8 орта мектеп мұғалімдері әріптестерімен өз пікірлерін бөлісе отырып, алған іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Дата: 27.08.2016, 3:16 Автор: №5 ОМ