Размер шрифта:

«Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас»: Дәстүрлі мектеп күні

«Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас»: Дәстүрлі мектеп күні

ЖББ №5 орта мектебінде  «Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас» атты дәстүрлі мектеп күні өтті. Негізгі мақсаты: «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам» 76,79 қадамдарын іске асыру негізінде 1 блок – «Презентация» бойынша мектеп директоры А.Т. Абдуалиева «2016-2019 жылдарға арналған мектептің даму стратегиясы» туралы баяндамасы және «Әкелер мектебі» мен «Аналар мектебі» арасында «Баламның тәрбиесі – асыл мұратым» атты дөңгелек үстелді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Н. Ибрайбекова мен мектеп психологі С.Б. Надирбекова  ата-аналармен өткізді.

2 блок бойынша бастауыш мұғалімі  математика пәнінен таңдау курсы негізінде 3 «Ә» сыныбында «Ойлы болсаң озып көр» деп, үш тілде ағылшын тілі мұғалімі Ш.Д.Жетыбаеваның жетекшілік етуімен  жас маман З.Е.Арстаналиева  «Англияға саяхат» жасады.Сабақ жоғары деңгейде өтті.

8 «А» сыныбында «Химия есептерін шығарудың тиімді тәсілдері» таңдау курсы бойынша «Химия өнеркәсібінің бүгіні мен болашағы» жөнінде география пәні мұғалімі К.Ш.Шайкенова мен физика пәні мұғалімі М.Ш. Сламбекованың жетекшілігімен үш пәнді біріктіре отырып ,химия пәнінің мұғалімі Ж.Д. Мұқаметжанова жобалау сабағын көрсетті.

Қазіргі заман талабына орай 11 «А» сыныбында «Тілді білу – заман талабы» таңдаулы курсы бойынша «Еркін елдің ертеңі» тақырыбында ағылшын тілі мұғалімі Ш.Ж.Киканова сабақ берді.

«Оқу шаттығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Бүгінгі дарын иесі – мәңгілік елдің болашағы» атты ток-шоу өткізді. Бұл бағдарламада бастауыш және орта буын оқушыларының шығармашылық жұмыстарын қазақ тілі мұғалімі Г.Қ.Ибраева мен бастауыш мұғалімі Г.Ж.Тусупова көрсетті.

Оқу жоспарының вариативтік компонентіндегі «Шебер қолдар» мен «Қолөнер» үйірмелері мұғалімдері оқушылармен жүргізген шығармашылық жұмыстарының  көрмесін ұсынды.

3 блок - «Қазақстан  бірлігі – Ұлттық татулық» бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қ.Шакижанова  ұйымдастырылуымен  болған – «Ұлы дала елін асқақтату – ұрпақ парызы» атты әдеби –сазды композициясы қонақтар көңілінен шықты. Мектеп күні мерекесін жоғары деңгейде өткізуге аянбай үлкен үлес қосқан  мектеп ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Білікті ұстаз,білімді ұрпақ  көбейе берсін !

Дата: 25.04.2016, 8:53 Автор: №5 ОМ