«Ұлы Абайдың ізімен»
Қазақ тілді мектептерінде 5-10 сыныптар арасында «Ұлы Абайдың ізімен» атты қалалық байқау өтті. Байқаудың мақсаты : оқушыларға Абай шығармаларын насихаттай отырып, ұлы ойшылдың рухани мұрасын, тарихи танымдарын ізгілікке, азаматтыққа, парасаттылыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін қалыптастыру.
Осы орайда қазақ тілі мұғалімдері Ж. М Иманғалиева, Б.Т. Адамбаеваның оқушылары үш түрлі сайыс бойынша бақтарын сынап, мектебіміздің намысын қорғап келді.
1. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - номинациясы бойынша 7 «А» сынып оқушысы Мақажан Гүлсая Абайдың 40 өлеңін жатқа айтып, жүлделі 3-ші орынды иеленді;
2. 5 «Ә» сынып оқушысы Нұрлыбаев Ғасыр «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Абайдың «Сегіз аяқ» әнін нақышына келтіре орындап, жүлделі 1-ші орынды иеленіп, облыстық «Абай және Шәкәрім» оқуларына жолдама алды.
3. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы номинациясы бойынша 7 «А» сынып оқушысы Сәдібек Әли өз шығармаларын оқып, белсенділік танытты.
Осындай сайыстардан оза шауып білімдерін шыңдай беретін шәкірттеріміз мектебіміздің мерейін тасыта берсін! Жеңістеріңнің жемісі көбейе берсін ұландар!