«Кәсіби шеберлікті жетілдіру мектебі»
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 28 наурызы мен 1 сәуір аралығында облысқа қарасты қала, аудан, ауыл аймақтарының психологтары біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. Бес күндік оқу 10 түрлі тақырып бойынша жоспарлы түрде жүзеге асырылды. «Кәсіби шеберлікті жетілдіру мектебі» бағдарламасының негізгі мақсаты орта білім беретін ұйымдарда педагог – психологтың кәсіби біліктілігін арттыру, білім беру процесіне дұрыс психологиялық ахуал туғызудың оңтайлы тәсілдерімен таныстыру, кәсіби тұрғыдан күйіп кетудің алдын алу шараларын дұрыс ұйымдастыра білуді көрсету. Сонмен қоса гендірлік білім беру және жыныстық әлеуметтену мәселелері мен күйзеліске қарсылықты қалыптастыру, эмоционалды интеллектті көтеруді көздеген.
Осы курста білімімді жетілдіре отырып, Елбасының «100 нақты қадам» даму бағдарламасында көрсетілгендей облысымызда білім беру жүйесін дамытып, кеңейту шаралары оңтайлы жүзеге асып отырғанын байқауға болады. Қазіргі қоғамда біліктілікті жетілдіру тұлғаның жеке басының еркінде екені белгілі, бірақ осы мәселеге үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғаны қуантарлық жағдай. Курс соңында әр психолог ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, «біліктілікті жетілдіру сабақтары жүйелі түрде өткізіліп отырса», - деп тілек білдірді.
Қарағанды облысы Балқаш қаласы
«ЖББ №5 орта мектеп» КММ педагог – психолог
Надирбекова Саягуль Балтабековна


