«Кішкентай ханшайым мен ханзада – 2016»
Оқушылар сарайында 2016 жылдың 29 наурыз күні қала мектептері арасында «Кішкентай ханшайым мен ханзада – 2016» байқауы өткізілді. Мектебімізден 1 «Ә» сынып оқушысы Алимова Аружан мен 2 «А» сынып оқушысы Шайкимбек Дамир қатысты. Байқау төрт кезеңнен өтті. Олар барлық кезеңде өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындармен марапатталды. Алимова Аружан «Кішкентай ханшайым – 2016» байқауының бас жүлде игері болып, марапатталды. Шайкимбек Дамир «Кішкентай ханзада – 2016» байқауында «Айбарлы» номинациясымен марапатталды
Дата: 2.04.2016, 4:55 Автор: №5 ОМ