8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар ақпары

8 Наурыз Халықаралық  әйелдер күніне орай  ұйымдастырылған   іс-шаралар ақпары

Мектебімізде 8 Наурыз Халықаралық  әйелдер күніне орай  іс-шаралар  ұйымдастырылып өткізілді. Мектептің  бірінші қабатында  әр сыныптың мерекелік газеттері шығарылып ілінді. Ибраева Арай Нұрланқызы 8А сынып  қыз балалары мен   аналары арасында  «Әйел бақыты» атты ток шоу өткізді. 05.03.16ж күні сағат 9.30-да 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне  орай  «Әкем ,шешем және мен» атты отбасылық спорттық  «Көңілді сөре»сайысы  болып өтті. Сайысқа  4,5,6 сынып оқушыларының ата-аналары қатыстырылды.

    

Әр топ өздерінің аттары,эмблемалары арқылы  таныстырылды.4А сыныбы бойынша «Жүйріктер»тобы Адамбаев Қайрат,4Ә сыныбы  «Бірлік тобы»Мұсабеков Нұрбол,5Ә сыныбы «Тұлпар»тобы  Аубакирова Әсем,6А сыныбы «Қыран»тобы  Алмас Нұрдаулеттің отбасылары қатыстырылды. «Көңілді сөре» сайысында  допты шеңберге  түсіру,арқан тарту,тығыз допты лақтыру және түрлі ойындардан жарыс ұйымдастырылды.Сайыс қорытындысында:
Бас жүлдені - «Жүйріктер»тобы ,І орынды-«Тұлпар»тобы  ІІ орынды-«Қыран»тобы, 
ІІІорынды-«Бірлік тобы жеңіп алды .    


  

  

    Сайыс соңында әндер шырқалып,аналарға  сыйлықтар тапсырылды.Осы күні 1-11 сыныптарда  сынып сағаттары  өткізілді.


7.03.16ж күні мектептің спорт залында  1-11 сынып оқушыларымен   «Бәрі де,ана, бір өзіңнен басталады!» атты салтанатты сап жиын өткізілді. Сап жиынға мектептің ұстаздары және ардагер ұстаздар шақырылды. Жиынды мектептің әскери жетекшісі Қалдыбаев Ерік Қалықбайұлы  және Абдуалиева Айна Тлеккабыловна құттықтау сөз сөйлеп ашып берді.Жиын соңында оқушылардың дайындаған ән биінен дайындалған концертке  ұласты.

Орындаған:Шакижанова А.К

Дата: 26.03.2016, 5:10 Автор: №5 ОМ