Размер шрифта:

«Дін және жастар» тақырыбындағы өткізілген қалалық ақпараттық насихаттау тобының кездесу ақпары

«Дін және жастар» тақырыбындағы  өткізілген қалалық ақпараттық насихаттау тобының  кездесу  ақпары

 «Дін және жастар» тақырыбындағы  өткізілген қалалық ақпараттық насихаттау тобының  кездесу  ақпары

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 18 ақпан күні сағат 12.00-де 8-11 сынып оқушыларына қалалық ақпараттық насихаттау тобының  «Дін және жастар» тақырыбындағы  ақпараттық наихаттау тобының  кездесуі болып өтті.Кездесуге Балқаш қалалық мешітінің ұстазы Рахимжанов Алимхан Бақытұлы,Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының  директоры Майлаяков Адамия Кокманович және білім бөлімінің ардагері  Мейрамгазинов Берікбол Ботайұлы келіп қатысты.Келген қонақтар  оқушыларға  «Көпконфессиялы қазақстандық қоғам үшін елдегі дінаралық келісім мен этносаралық бейбітшілікті сақтау және оны нығайту-ортақ мақсат.Ондай игі мақсатқа ауызбіршілік пен  тұрақтылықты нығайтуды басшылыққа алатын қоғамдық күштер біріккен уақытта ғана қол жеткізуге  болатыны жайында  түсінік берді.»
Оқушыларға  бейнефильм  көрсетіліп ,түсіндірме  жұмыс  жүргізілді.
Бүгінде қандастарымыздың көбінің топ-тобымен жат діннің жетегінде жүргені жасырын емес. Бұған көп нәрсе себеп. Соның бірі кешегі кер замандағы үстемдік еткен жетпіс жылдық діни нигилизмнің салқыны деуге болады. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңаша шешімдер қабылдау қажеттілік етті. Егемендікті еселеу жолында батыл қадамдар жасалып жатты. Соған қарамастан кейбір қателіктер болмай қалған жоқ. Сондай олқылық «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңда орын алды. Мұның соңы елімізде түрлі мысық пейілді өзге жерлік діни ағымдардың ағынына әкелді.Жалпы, дін дегеніміз – тұңғиық теңіз. Оның тереңінде еркін сүңгіп жүру үшін көп оқып, ілім-білім жинауымыз қажет. Сондай әлемдегі көп діннің ішіндегі асыл дініміз пайдасын санамалап айтып бітіру тіптен мүмкін емес. Ислам дінінің ішінде әсіресе, Орта Азия халықтары ұстанатын төрт мәзһәб өкілдерінің бастарын иіп тұрып мойындайтын Мәзһәб болып табылады.Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Осыған орай білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қазақ қоғамы үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы мәселе тұр. Сондай-ақ, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып,  мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, еңбектері, дін ғұламалары жайлы білуі керек деп өз сөзін түйіндеді.Оқушылар  бірнеше сұрақтар қойып жауаптарын алды.

                                      

 

 

  

 

 

Дата: 19.03.2016, 3:08 Автор: №5 ОМ