8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН» атты отбасылық спорттық сайысының ақпар
Мектебімізде 05.03.16ж күні сағат 9.30-да 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әкем ,шешем және мен» атты отбасылық спорттық «Көңілді сөре»сайысы болып өтті. Сайысқа 4,5,6 сынып оқушыларының ата-аналары қатыстырылды. Әр топ өздерінің аттары,эмблемалары арқылы таныстырылды.4А сыныбы бойынша «Жүйріктер»тобы Адамбаев Қайрат,4Ә сыныбы «Бірлік тобы»Мұсабеков Нұрбол,5Ә сыныбы «Тұлпар»тобы Аубакирова Әсем,6А сыныбы «Қыран»тобы Алмас Нұрдаулеттің отбасылары қатыстырылды.
«Көңілді сөре» сайысында допты шеңберге түсіру,арқан тарту,тығыз допты лақтыру және түрлі ойындардан жарыс ұйымдастырылды.Сайыс қорытындысында Бас жүлдені - «Жүйріктер»тобы
І орынды-«Тұлпар»тобы
ІІ орынды-«Қыран»тобы
ІІІорынды-«Бірлік тобы жеңіп алды .Сайыс соңында әндер шырқалып,аналарға сыйлықтар тапсырылды.
Орындаған:Шакижанова А.К 


