1 наурыз – Алғыс айту күні!

1 наурыз – Алғыс айту күні!

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай қалалық жалпы білім беретін №5 мектебінде іс-шаралар өтті. Мерекелік шара таңғы саптық жиыннан басталып, 3 сабақтың үзіліс кезінде өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі  Ибрайбекова А.Н. және аға тәлімгер Алпысбаева А.Е. ұйымдастыруымен «Шаттық шенбері» өткізілді. Сонымен қоса, аталмыш мерекеге орай мектебіміздің 1-ші қабатында «Жүрек жылуы» атты бұрыш ұйымдастырылды. Бұрышта мектеп оқушылары мен ата –аналары педагогикалық ұжымға алғыстарын білдіріп, жүрек жарды тілектерін арнады.

Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында Алғыс айту күнін тұңғыш рет мерекелейді.Алғыс айту күні-бұл,-ең алдымен,елімізде тыныштық пен үндестік,өзара  сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.Алғыс айту күні-күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп,қысқа мерзім ішінде Елбасының  басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.Осы күн тағдыр  тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні.Осы орайда мектебімізде  іс-шаралар жоспарланып ,өткізілді.Мектептің бірінші қабатында ақпараттық стенд безендірілді.Оқушыларға арналған тақта ілініп жәшік қойылды. Мектеп оқушылары ата-аналарына,ұстаздарына ,сыныптастарына рахметтерін айта келе құттықтаулар  жолдады. 1-2 сыныптарда  «Алғыс айта біл»тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді.Құдайбергенов Жақсыбектің ұйымдастыруымен 7-9 сыныптарда «Балалар денсаулығы-ұлт денсаулығы» атты спорттық жарыстар өткізілді.     Сәкібай Ақнұр 5-6 сынып оқушыларымен  «Мен алғыс айтамын!» атты флеш-моб биін ұйымдастырды.3-4 сыныптарда  «Ризашылық пен алғыс» тақырыбында сынып сағаты өтті.Мектептің кітапхана меңгерушісі  Махашова Көптілеу Шойынбаевна  6 сынып оқушыларымен  «Алғыс айту күнін тойлау не үшін қажет?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  

10А сыныбында Иманғалиева Жаңыл Мұратовна  «Имандылық жарасады ұл-қызға» тақырыбында  ашық тәрбие сағатын өткізді.Аға тәлімгер  Алпысбаева Айгерім  «Жас ұлан» ұйымы мүшелерімен «Мәңгілік ел:бір ел-бір тағдыр» тақырыбында отырыс өткізді.Оқушылар  өз ойларын  ортаға сала отырып мағұлматтар алды.Мектептің спорт залында 7-11 сынып оқушыларына шаттық шеңбері ұйымдастырылды. .  «Алғыс жүректен шығады» атты салтанатты сап жиын өткізілді. Сап жиында үгіт насихат тобы өз өнерлерін  көрсетті жиын соңы мерекелік концертке ұласты. 

Дата: 2.03.2016, 8:12 Автор: №5 ОМ