«Менің құқығым- қоғамдағы беделім»
Қазіргі қоғамда адамзат құқығына баса назар аударылып отыр. Тіршілігі қайнаған өмірде күніне мың мәрте адам құқығы бұзылуда.
ЖББ №5 орта мектепте «Менің құқығым қоғамдағы беделім» атты семинар өтті. Аталмыш семинарды педагог – психологы Надирбекова С.Б. өткізді.Семинар 5 – 10 сынып оқушыларының арасында болды. Іс – шарада оқушыларға бала құқығы толық түсіндіріліп, олардың білімдерін жетілдірді. Қолданылған түрлі бейнероликпен құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы жүргізіліп, мейірімділікпен қоғамға құрметпен қарауға арналған ақпаратты насихаттады. Ситуациялық сұрақтарды қою арқылы тәртіп бұзушылықтың алдын алу шараларын орындады, әртістік қабілеттерін арттыруға жол ашты. Балалар құқық бұзушылықтың жолын азайтып, қоғамдық тәртіпті меңгерді.


Педагог – психолог: Надирбекова С.Б.