«Айгөлек»

«Айгөлек»

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 16 .01.2016ж күні өткізілген «Айгөлек» фестивалінің   ақпары

2016 жылдың 16 қаңтар  күні мектебімізде қалалық  қала мектептері арасында «Айгөлек» балалар мен жасөспірімдер  фестивалі  болып өтті. Фестивальға қала мектептерінің оқушылары тыңғылықты дайындалып келген.Мыңбұралған бишілер мен күміс көмей әншілер өз өнерлерін ортаға салды.  Жасөспірімдер мен бүлдіршіндер ән ,би номинациясы бойынша    сайысқа түсті. Біздің мектептен  қатысқан оқушылар  өздерінің үлкен дайындықпен келгенін байқатты. Өз анасына деген ыстық ықыласын 2 «Ә» сынып оқушысы Серғалиқызы Аруна «Ақ мамам» атты  әнімен білдіріп,  «Бүлдіршіндер» номинациясы бойынша  I  орынды иеленді. Жетекшісі  Қожамбаев Қуат Сейітжанұлы. Мектебіміздің «Наз» би тобы  «Жасөспірімдер» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді. Топ құрамында 10 «А»  сынып оқушысы Қосыбаева Жұлдыз, 9 «А» сынып оқушылары Советжанова Дария, Хайруллаева Аружан, Амангелді  Арай өз өнерлерін ортаға салды. Жетекшісі мектебіміздің хореогрофы Сәкібай Ақнұр Серікбайқызы.

Фестивальдің қорытындысы бойынша бүлдіршіндер мен жасөспірімдер әділ түрде бағаланып, марапатталып, бағалы сыйлықтар мен мадақтамаларға ие болды.

Дата: 20.01.2016, 3:21 Автор: №5 ОМ