Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің «Жаңа жыл-2016» мерекелік іс – шараларының өткізілуі туралы

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің  «Жаңа жыл-2016» мерекелік   іс – шараларының  өткізілуі туралы

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің  «Жаңа жыл-2016» мерекелік  іс – шаралары жоспары құрылып,барлық іс –шаралар өз уақытында орындалды.
Мектеп фасадында түрлі дюралайдттармен безендіру жұмыстары жасалынды.21-25.12 күндері аралығында  «Мектеп Жаңа-2016 жылды қарсы алады»атты  қалалық байқауға  байланысты мектеп ауласында мұздан ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері орнатылды. Мектептің бірінші қабатынан бастап үшінші қабаттары және спорт залға  жаңа жылдық безендіру жұмыстары жүргізілді. Кезекшілік кестесі құрылды. Жаңа жылдық ертеңгіліктер мен кешкі бал кесте бойынша өткізілді. 1-4 сыныптар «Келді міне, Жаңа жыл!», 5-7 сыныптар  «Жаңа  бақыт -  жаңа күн», 8-11 сыныптар «Төрлет, Құтты Жаңа жыл!» тақырыптарында  өткізді.Кешке  қалалық білім бөлімінің бас маманы  Балапанова Жанар Сағатбекқызы ,Балқаш қалалық ІІБ ЮПТ  УПИ полиция аға лейтенаты Сыздықов Асхат Мухтарович және «Шапағат»әкелер кеңесінің төрағасы  Қайпбергенов Бақытбек Қымыранұлы  келіп қатысты. Мерекелік кешті мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна құттықтау сөз сөйлеп ашып берді.Мерекелік кеш  сағат 17.00-де басталып 21.00-де аяқталды. Жаңа жылдың сценарийлік жоспары «Біз мәңгілік ел боламыз!» тақырыбында және  мерекенің негізгі идеясы-Қазақстан-2050 Стратегиясындағы   идеялар  мен құндылықтар  туралы  айтыла отырып, әр сынып  оқушыларының  түрлі ойындарымен,әндерінен және флеш-моб  билерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Кеш соңы мерекелік  биге ұласты.Сағат 21.00-де барлық сынып оқушылары үйлеріне қайтарылып, сағат 22.00-де  әр оқушының  үйлеріне жеткендігі жайында сынып жетекшілері  хабардар  етті. Мектептегі кеш өз деңгейінде өткізілді.

Дата: 4.01.2016, 3:32 Автор: №5 ОМ