Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай өткізілген «Тарихқа саяхат» атты зияткерлік ойынның өткізілуі туралы ақпарат
2015 жылдың 21 желтоқсанында жалпы білім беретін № 5 орта мектепте өткізілген «Тарихқа саяхат» атты зияткерлік ойынға Балқаш қаласының 11 қазақ мектебі қатысты. Сағат 14.00 басталған зияткерлік ойын тарих пәнінің мұғалімі М.И.Жакупбековтың баяндамасымен басталды. Сөз соңында оқушылардың 3 аялдамадан өтіп, сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп, тиісті баллдар жинайтынын түсіндіріп айтты. Әр аялдамада 2-3 тақырыптан тұратын сұрақтар дайындалды. Аялдамаларда отырған қазылар алқасы мектеп мұғалімдерінен жасақталды. Бірінші аялдамада мектеп директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ибраева А.С. бастауыш сынып мұғалімі Бекбенбетова Г.К., екінші аялдамада қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ибраева Г.Қ. Мушульбаева Д.Г, үшінші аялдамада бастауыш сынып мұғалімі Сопыханова Г.Т. қазақ тілі пәнінің мұғалімі Иманғалиева Ж.М. болды.
Зияткерлік ойынға Абай атындағы № 2 мектеп-лицей, № 2 мектеп-интернат, № 5 орта мектеп, С.Сефуллин атындағы № 7 мектеп-гимназия, № 8 орта мектеп, № 9 орта мектеп, қалалық гимназия, № 15 мектеп-лицей, № 16 лигвистикалық мектеп, № 24 орта мектеп, № 25 орта мектеп оқушылары белсене қатысты.
Номинациялар «Ең үздік тарихшы» № 2 мектеп-интернат, «Ең үздік өлкетанушы» № 8 орта мектеп, «Ең үздік этнограф» № 24 орта мектептер жеңіп алды. III- орын № 15 мектеп-лицей, III-№ 8 орта мектеп, II-орын № 16 лигвистикалық мектеп, I- орын қалалық гимназияға бұйырды.
Ойынның соңында сөз сөйлеген қалалық білім бөлімінің әдіскері Асемханова Гүлнар Базылхановна зияткерлік ойынның өз деңгейінде өткенін және оқушылардың білімдеріне сай объективті баллдар қойылғаны туралы сөз айтты. Тәуелсіздік күніне орай өткізілген зияткерлік ойынның басты мақсаты оқушылардың қызығушылығын, білімін арттыру және аз да болса Отанға деген сүйіспеншіліктің артуы болды. Оқушылардың бойында Қазақстан тарихына, өлке тарихына және елімізге деген жанашырлық байқалды.