«Тәуелсіздік-ел тірегі!»

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 16 желтоқсан  Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған
 іс – шаралар

 16 желтоқсан Қазақстан Респулбикасының  тәуелсіздік күніне орай мектеп фасадына банер ілінді. «Тәуелсіздік-ел тірегі!»тақырыбында мектеп дәлізіндегі стенді әзірленді.Мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік тағылымы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

2-4сыныптар  арасында «Тәуелсіз елім-тірегім!»Отан,туған жер жайлы өлеңдерден мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сынып оқушылары  өздері шығарған  өлеңдерін оқыды.  9-11 сыныптар арасында  «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

1-11 сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.5А,Ә сыныптарында  «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»атты сайыс өткізілді.3-5 сынып оқушыларымен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.15 желтоқсан күні сағат 8.00-де 1-7 сынып оқушыларына  арналған сап жиын өткізілді. Сап  жиында 5 сынып оқушыларын  «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді.Сағат 12.00-де 8-11 сынып оқушыларына«Айбыны асқақ , тұғыры биік –Тәуелсіз Қазақстан» атты  әдеби сазды  жиын  болып өтті.Салтанатты жиынды мектеп директорының міндетін атқарушы  Жакупбекова Сауле Азихановна құттықтау сөз сөйлеп ашып берді.Жиынға мектептің ұстаздары ,ата-аналар комитетінің төрайымы  Косубаева Назгүл және әкелер кеңесінің төрағасы Кайпбергенов Бақытбек шақырылды.Жиын соңында  мерекелік концерт берілді.

Дата: 28.12.2015, 2:25 Автор: №5 ОМ