Деңгейлік курс бойнша коучинг
Балқаш қаласының ЖББ №5 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.М.Имангалиева қараша айының 26 күні коучинг өткізді. Коучингтің тақырыбы: “Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийі” Коучингтің мақсаты:Қатысушыларға оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы критериалдық жүйені тиімді қолдану тәсілдерін үйрету
Міндетттері:
-Бағалау критерийлерін, шкаласын жасауды үйрену;
-Мәнерлеп оқуға қойылатын критериалдарды анықтау;
-Дескрипторлар туралы ұғым қалыптастыру
Коучингке мұғалімдер қатысты. Критериалды бағалаудың негізгі мәнін, міндеттерін, басты ерекшеліктерін түсіндірілді. Дескрипторлар құру түрлерін көрсетті.
Дата: 4.12.2015, 10:04 Автор: №5 ОМ