Размер шрифта:

«Елін сүйген, елі сүйген Ұлы тұлға»

«Елін сүйген, елі сүйген Ұлы тұлға»

Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Ата Заңымызды, Рәміздерімізді және басқа да рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында жасаған тамаша бастамаларын оқушылар бойына сіңіру барысында мектепте іс-шаралар жоспарланып өткізілді. Мектеп  ауласында  «1желтоқсан Қазақстан Республикасы  тұңғыш президенті күні»  тақырыбында  банер ілінді.Мектеп дәлізінде  «Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы» тақырыбында  ақпараттық стенд әзірленді. Мектеп кітапханасында    «Елін сүйген, елі сүйген Ұлы тұлға» тақырыбында кітап  көрмесі  ұйымдастырылды. Мектептің бірінші  қабатында «Елімен бірге-Елбасы!» атты слайд фильм көрсетілді.Барлық сыныптарда  тақырыптық  сынып бұрыштары безендірілді. «Еңбекпен бағын ашқан ер!»  тақырыбында (елбасының алғашқы еңбек жолы) 3А,Ә,5А-6А сыныптарында  әңгіме сағаты өткізілді. 5-11 сыныптарда   «Қазақтың тұңғыш көшбасшысы» атты  шығармалар сайысы  өткізілді. 1-4 сынып оқушыларына Президенттің өмірі жайлы видео -фильм көрсетілді. 1-11 сыныптар арасында   «Менің тұңғыш президентім», «Еңбегімен ерекшеленген - Елбасы», «Елбасы-Елдің тұтқасы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. 30 қараша күні сағат 12.00-де 1-11 сынып оқушылары және мектеп ұстаздарымен  «Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы»атты салтанатты сап жиын өткізілді.  Сап жиынды  мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна  құттықтау сөз сөйлеп ашып берді.2015-2016 оқу жылындағы  мектептің  «Ұлан басы» Абдуали Нұрдәулеттің  анты  қабылдады.7 сынып оқушыларынан құралған  үгіт насихат тобының  тақпақтары және мектеп оқушыларының  концерттік бағдарламасы қойылды.

Дата: 4.12.2015, 9:50 Автор: №5 ОМ