Размер шрифта:

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 11 «А» сыныбында «Тарих –ғасырлар куәсі» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып оқушылары  қазақ хандығының құрылуы, қазақ хандығында билік еткен хандар туралы баяндап, «Сұлтандар кеңесінен» көрініс  көрсетті. Сынып жетекшісі Г.К.Ибраева  оқушыларға өз елінің тарихын білу, елін,жерін құрметтеу, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті екенін жете түсіндіріп өтті.

Дата: 26.10.2015, 8:39 Автор: №5 ОМ