Қазақстан Халықтарының Тілдер мерекесіне арналған іс-шаралар
15.09.15. күні мектеп кітапхана меңгерушісі К.Ш. Махашова «Тіл-ұлттың жаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
17.09.15. «Сүйемін туған тілді - анам тілін» шығармалар сайысын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ж.М. Имангалиева, Г.Қ.Ибраева 8-11 сыныптар арасында өткізді. 8 «А» сынып оқушысы Амантай Гаухар, Тлеутай Айжүрек, 9 «А» сынып оқушысы Абдуали Н, Сүлейменова Ә, 10 «А» сынып оқушысы Қосыбаева Ж, 11 «А» сынып оқушылары Саденова М, Амантай М. шығармалар жазып , белсенділік көрсетті.
18.09.15. күні «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» тақырыбында 10-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ж.М. Имангалиева, Г.Қ.Ибраева өткізді. Саденова Маржан мен Есмұратова Саяна «Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі», «Тіл туралы Заң» тақырыптарына презентациялар дайындап, оқушылармен пікір алмасты.
19.09.15.күні «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалдық – танымдық ойынды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Б.Т.Адамбаева 5-6 сыныптар арасында өткізді. Ойын 4 кезеңде өтті. «Бәйге» кезеңінде екі сыныптың қатысушылары білімдерін сынады.
22.09.15 күні апталықтың жабылу салтанатына орай «Бірлік туы астында» халықтар достығы фестивалі 5-10 сыныптар арасында өтті. 5 «А» түркімен, 6«А» - қазақ, 7«А» -татар,8«А» -корей, 9«А»-орыс, 10 «А» -өзбек ұлттарының салт-дәстүрлерін, ән –билерін орындады. Әр сынып сол ұлттың астанасы, жер-көлемі, табиғат ерекшеліктері, салт-дәстүрі т.б. бейнелейтін презентациялар жасап, қорғады.
Дата: 14.10.2015, 2:43 Автор: №5 ОМ